8наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай, мерекелік іс-шара мәліметі.

8наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай, мерекелік іс-шара мәліметі.

05.03-07.03.2019 ж. күндері аралығында мектебімізде 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне арналған апталық жоспары жасақталып іс-шаралар өткізілді.

06.03.2019ж «Ару қыздар мерекеңізбен!» мерекесіне орай мектепті өз деңгейінде безендірілді.

06.03.2019ж мектеп кітапханашысы Б.Сатыбалдиева «Ана өмірдің шуағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 4 «Б» сынып оқушылары қатысты.Мақсаты: Балаларға аналар мейрамы туралы түсінік беру. Барлық аналарға деген сүйіспеншілігін арттыру, ана еңбегін ардықтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

06.03.2019 ж Теңге ауылының мекеме  әйелдері арасында көңілді сөре эстафета жарысы ұйымдастырылды. Көңілді сөре эстафета жарысына №14 орта мектебі, №11 орта мектебі, Ақ халатты абзал жандар командасы қатысты. Көңілді сөре эстафета жарысында І орынға №11 орта мектебі,   ІІ орынға №14 орта мектеп, ІІІ орынға Ақ халатты абзал жандар командасы.

06.03.2019 ж  «Ана өмірдің шуағы» тақырыбында қабырға газеттерін бұрыштары ұйымдастырылды.

07.03.2019ж «Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана» тақырыбында оқушылар құттықтау бейне ролик дайындаған.

07.03.2019ж 1-4 сыныптар арасында «Аналар асыл жандар»

5-7 сыныптар арасында «Сарқылмайтын жылылық ана аты ұлылық»

8-11 сыныптар арасында «Ана өмірдің шуағы» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.

8наурыз- Халықаралық әйел-қыздар мерекесіне орай «Ана өмірдің шуағы» тақырыбында  мектеп басшысы Г.Ж.Еркебекова  мен мектеп ағайларының ұйымдастырыуымен мерекелік концерт  ұйымдасатырылды. Концерт мектебіміздің АКТ залында өтті. Концерттік бағдарлама барысында мектебіміздің апайларына  «Мектептің бұл-бұлы», «Бұрымды ару», «Қазақ аруы», «Авто леди», «Бизнес леди», «Үздік Алия», «Жас спортшы аруы» номинациясы тарту етілді. Концертке мектеп мұғалімдері белсене ат салысты. Кеш барысында мектеп басшысы ардақты ұстаздарға арнап мақтау қағаздарын берді. Концерт  өте жақсы өтті. Мектебіміздің оқушылары өз өнерлерін жақсы деңгейде көрсетті.

 





25 МАМЫР СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

iconЖаңаөзен қаласы №11 орта мектебінде 25.05.2018ж күні Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Болашақ жастардікі» тақырыбындағы соңғы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты жиынымызға облыстық маслихат депутаты - Жакаева Сауле Бердіханқызы, Қалалық білім бөлімінің бас маманы - Елешова Айжан Есекенқызы, Теңге ауылының әкімі-Қалаубаев Сарсенбек Бекмолдаұлы, ардагер ұстазымыз Таңбаев Нұрқожа қонаққа келді. Салтанатты жиынға мектеп қабырғасында білім алған 9-11 сыныптар және 2018-2019 оқу жылын үздік аяқтаған оқушылар қатысты. Іс-шара аясында мектебіміздің үздіктері де марапаталды. Жыл мұғалімі- Сүйребаев Бактибай Үздік бастауыш сынып мұғалімі-Чаянова Бахтжамал Үздік оқушы-Үкенова Арайлым Жаңаөзен қаласының 50жылдық мерекесіне орай Теңге ауылының әкімі-Қалаубаев Сарсенбек Бекмолдаұлы ардагер ұстазымыз Таңбаев Нұрқожа ағайымызға төсбелгіні тапсырды. Салтанатты жиынымызды мектеп басшысы Еркебекова Гүлжан Жұмақадырқызы алғы сөзімен бастап, жас түлектерге сәттілік тілеп, мерекелерімен құттықтады. 2018-2019ж оқу жылында мектебімізде 41 түлек түлеп ұшқалы отыр. Мерекелік шарада түлектеріміз ән айтып,би билеп, өлең жолдарын оқыды. Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1-сынып оқушылары Жұмахан Айгерім және 11-сынып оқушылары Байшагиров Хамит тапсырылды.  

«7 мамыр-Ұландар күні»

icon    «7 мамыр-Ұландар күні» 

1 - МАМЫР ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ КҮНІ

icon1 - МАМЫР   ХАЛЫҚТАР  ДОСТЫҒЫ  КҮНІ  

« Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

icon« Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»  

«Ұлттық ойындар-рухани құндылығымыз» атты мәлімет

icon«Ұлттық ойындар-рухани құндылығымыз» атты мәлімет  

«14 наурыз-Амал мерекесі» мәлімет

icon«14 наурыз-Амал мерекесі» мәлімет  

8наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай, мерекелік іс-шара мәліметі.

icon8наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай, мерекелік іс-шара мәліметі.  

«1 наурыз –Алғыс айту күніне» орай өткізілетін мерекелік іс-шаралар мәліметі.

icon«1 наурыз –Алғыс айту күніне» орай өткізілетін мерекелік іс-шаралар  мәліметі.   

Шахмат

iconШахмат  

"Ɵзiн-ɵзi тану" онкүндiгi аясында мектепте ɵткiзiлiп жатқан шаралар

icon"Ɵзiн-ɵзi тану" онкүндiгi аясында мектепте ɵткiзiлiп жатқан шаралар 

Соңғы жаңалықтар

25 МАМЫР СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Жаңаөзен қаласы №11 орта мектебінде 25.05.2018ж күні Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Болашақ жаст ...

25 мамыр 2019
«7 мамыр-Ұландар күні»

    «7 мамыр-Ұландар күні»  ...

07 мамыр 2019
1 - МАМЫР ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ КҮНІ

1 - МАМЫР   ХАЛЫҚТАР  ДОСТЫҒЫ  КҮНІ   ...

29 сәуір 2019
« Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

« Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»   ...

21 наурыз 2019
«Ұлттық ойындар-рухани құндылығымыз» атты мәлімет

«Ұлттық ойындар-рухани құндылығымыз» атты мәлімет   ...

14 наурыз 2019