25 МАМЫР СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Жаңаөзен қаласы №11 орта мектебінде 25.05.2018ж күні Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Болашақ жастардікі» тақырыбындағы соңғы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті.

Салтанатты жиынымызға облыстық маслихат депутаты - Жакаева Сауле Бердіханқызы, Қалалық білім бөлімінің бас маманы - Елешова Айжан Есекенқызы, Теңге ауылының әкімі-Қалаубаев Сарсенбек Бекмолдаұлы, ардагер ұстазымыз Таңбаев Нұрқожа қонаққа келді.

Салтанатты жиынға мектеп қабырғасында білім алған 9-11 сыныптар және 2018-2019 оқу жылын үздік аяқтаған оқушылар қатысты. Іс-шара аясында мектебіміздің үздіктері де марапаталды.

Жыл мұғалімі- Сүйребаев Бактибай

Үздік бастауыш сынып мұғалімі-Чаянова Бахтжамал

Үздік оқушы-Үкенова Арайлым

Жаңаөзен қаласының 50жылдық мерекесіне орай Теңге ауылының әкімі-Қалаубаев Сарсенбек Бекмолдаұлы ардагер ұстазымыз Таңбаев Нұрқожа ағайымызға төсбелгіні тапсырды.

Салтанатты жиынымызды мектеп басшысы Еркебекова Гүлжан Жұмақадырқызы алғы сөзімен бастап, жас түлектерге сәттілік тілеп, мерекелерімен құттықтады. 2018-2019ж оқу жылында мектебімізде 41 түлек түлеп ұшқалы отыр.

Мерекелік шарада түлектеріміз ән айтып,би билеп, өлең жолдарын оқыды. Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1-сынып оқушылары Жұмахан Айгерім және 11-сынып оқушылары Байшагиров Хамит тапсырылды.

 





"ҚҮЗГІ БАЛЛ"

icon8-10 сыныптар  арасында  өткізілген  "Күзгі  балл"  сайысының  нәтижесінде  "Күз  ханзадасы" мен  "Күз ханшайымы"  атанып,  бас  жүлдеге  ие  болған  10 "Ә"  сынып  оқушылары  Абдулла  Дастан  мен Қараманова  Гүлжанат.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ - АБАЙ

iconАбай  Құнанбаевтың  175  жылдығына  орай,   оқушыларымыздың  дайындаған    "Ұлылардың  ұлысы - Абай"  тақырыбындағы  қазақ тілі мен  әдебиет  пәні  апталығында  өткізілген  "Өнер -  сөздің патшасы"  атты  мәнерлеп  оқу  сайысының  жеңімпаздары  марапатталды

"Жас келсе - іске!" атты жайдарман

iconҚалалық  жас  мамандар  арасында  өткізілген  "Жас  келсе - іске!"  аты  жайдарман  сайысында  мектебіміздің  жас  мамандарынан  құралған  "Алтын теңге"  командасы  24  мектептің  арасынан  жүлделі ІІІ  орынға  ие  болды.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

iconМЕКТЕП  БАСШЫСЫ  МАҢҒЫСТАУ  ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМДІГІНІҢ  ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫМЕН  МАРАПАТТАЛДЫ

"ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ"

iconЖаңаөзен  қалалық  әкімдігінің  және  Білім  бөлімінің  ұйымдастырылуымен  өткен  "Білім  үздігі"  қалалық  байқауында  мектебіміздің  физика  және  информатика  пән  мұғалімі  Суйрибаев  Бакитбай  "Үздік  жыл  педагогы"  марапатына  ие  болды.  Құттықтаймыз!!!

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ

Ұстаздар  мерекесіне  орай  ұйымдастырылған  мерекелік  іс-шарамыз  жоғары  деңгейде  өтті. Оқушыларымыз  дайындаған  өнерлерін көрсетіп, ұстаздарымызға құрмет-қошеметтерін  білдірді. Зейнеткер  ұстаздарымыз  бен  бірқатар  мұғалімдер  мерекеге  орай  марапатталды.

Мектебімізде салуатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ""Денсаулық фестивалі" өтті.

Спорттың  адам  өмірінде  алатын  орны  ерекше екендігін  бәріміз  білеміз.  Спортпен  айналысатын  адамның  денсаулығы  мықты,  өзі  шыдамды  болады. Біздің  дана халқымыз "тәні саудың - жаны сау" деп  бекер  айтпаған. Оқушылардың  қатысуымен ұйымдастырылған  шараның басты  мақсаты: жастарға салауатты  өмір  салтын  ұстану  мәдениетін  қалыптастыруды  насихаттау. 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

icon   Ұстаздар  мерекесіне  орай  өткізілген  спорттық  жарыстарда  мектебіміздің  дене  шынықыру  пәні  мұғалімдері  жүлделі  орындарға  ие  болып,  қалалық  білім  бөлімінің  алғыс  хатына  ие  болды.   Атап  айтар  болсақ,  ұстаздар  мерекесіне  орай  қала  мектептері  арасында  өткізілген  волейбол  жарысынан  жүлделі  ІІ орын,  баскетбол  жарысынан жүлделі  ІІ  орын,  футбол  жарысынан  жүлделі  ІІ  орынға  ие  болды.  Құттықтаймыз!!!

"Үштілділік - заман талабы" атты тілдер апталығы

iconОсы  аптада  "Үштілділік - заман  талабы"  тақырыбында    тілдер  апталығы   ашылып, ашық  сабақтары  мен  әртүрлі  сайыс  сабақтары  болып  өтті. 

"Адалдық сағаты" атты сабағы

icon2019 жылы  2  қыркүйек  күні  Жалпы  Республикалық  біріңғай  "Адалдық  сағаты"  өткізілді.  Бұл  сағаттың  негізгі  мақсаты  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  алдын-алу. яғни,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы  мәлімет.  Сонымен  бірге  бейнероликтер  көрсетіліп,  дәрістер  оқылды.

Соңғы жаңалықтар

"ҚҮЗГІ БАЛЛ"

8-10 сыныптар  арасында  өткізілген  "Күзгі  балл"  сайысының  нәтижесінде  "Күз  ханзадасы" мен  "К ...

01 қараша 2019
ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ - АБАЙ

Абай  Құнанбаевтың  175  жылдығына  орай,   оқушыларымыздың  дайындаған    "Ұлылардың  ұлысы - Абай ...

28 қазан 2019
"Жас келсе - іске!" атты жайдарман

Қалалық  жас  мамандар  арасында  өткізілген  "Жас  келсе - іске!"  аты  жайдарман  сайысында  мек ...

26 қазан 2019

МЕКТЕП  БАСШЫСЫ  МАҢҒЫСТАУ  ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМДІГІНІҢ  ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫМЕН  МАРАПАТТАЛДЫ ...

08 қазан 2019
"ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ"

Жаңаөзен  қалалық  әкімдігінің  және  Білім  бөлімінің  ұйымдастырылуымен  өткен  "Білім  үздіг ...

08 қазан 2019