25 МАМЫР "СОҢҒЫ ҚОҒЫРАУ" мектеп басшысының ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Бәріңізді осы оқу жылын сәтті аяқтауымызбен құттықтаймын! 2019-2020 оқу жылында мектебіміз үшін жағымды жаңалықтар көп болды. Оқушыларымыз бен ұстаздарымыз әр түрлі білім, өнер, спорт додаларынан республикалық, облыстық, қалалық деңгейде жүлделі орындарға ие болды.
Өздеріңізге мәлім, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 4-тоқсанда қашықтықтан оқуға көштік. Қашықтықтан оқу кезінде мұғалімдеріміз жүйелі жұмыс жасап, оқушыларымыз қалыпты түрде қабылдай білді. Осы орайда, ата-аналарымыздың қолдауларын ерекше айтып, алғыс білдіргім келеді.
Қашықтықтан оқу кезінде де онлайн сайыстарға қатысып, оқушыларымыз бен мұғалімдеріміз сәтті жұмыстар атқарды. Біз өзіміздің бірлігіміздің, жүйелі жоспарымыздың арқасында осындай жетістіктерге жетіп отырмыз.
Барлық оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Келесі оқу жылында да алар асуымыз көп болып, мектебіміз алдыңғы қатардан көріне берсін! Білім ордамыздың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін!
Бәріңізге алдағы демалысты сәтті, көңілді өткізулеріңізге тілектеспін!

Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің "№11 орта мектеп" КММ-нің басшысы Жалгасова Райхан Сражатдинқызы 





4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

icon

Бүгін, 03.06 күні мектебіміздің жас түлектеріне арналған "Сәт сапар, жас түлек" мерекелік шарасы өтті.

icon

1 МАУСЫМ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

icon

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

icon Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебного года! 

25 МАМЫР "СОҢҒЫ ҚОҒЫРАУ" мектеп басшысының ҚҰТТЫҚТАУЫ

icon

Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ысқақ Құлатай Қашқынбайұлының құттықтауы

icon

15 мамыр - халықаралық отбасы күні құтты болсын

icon

11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді

icon

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құтты болсын

icon

1 МАМЫР- Қазақстан халқының бірлігі күні ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

icon

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

25 мамыр 2020