« Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

А Қ П А Р ЛА М А

« Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.

Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз – күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.

Ағымдағы жылдың наурыз айының жиырма бірінші жұлдызы күні мектебімізде «Ұлыстың ұлы күні» атап өткізілді.

Іс-шараға ауыл мектептерінің басшылары, ауыл әкімі, қалалық білім бөлім мамандары қонақта болды.

Іс-шара барысында әр пән бірлестік мұғалімдері қазақтың салт-дәстүрлерінен қойылымдар қойды.

1)«Босаға майлау» - ағылшын пән бірлестігі

2)«Қазан шегелеу» - химия биология және дене пән бірлестігі

3)«Ерулік» - орыс тілі пән бірлестігі

4)«Құрсақ шашу» - бастауыш пән бірлестігі

5)«Жарыс қазан» - тарих,география пән бірлестігі

6)«Кіндік кесу» - қазақ тілі пән бірлестігі

7)«Азан шақыру» - физика,математика пән бірлестігі.

Іс-шара соңында келген қонақтар ұйымдастырылған іс-шараға жоғары деңгейде атап өткені үшін, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

 





"ҚҮЗГІ БАЛЛ"

icon8-10 сыныптар  арасында  өткізілген  "Күзгі  балл"  сайысының  нәтижесінде  "Күз  ханзадасы" мен  "Күз ханшайымы"  атанып,  бас  жүлдеге  ие  болған  10 "Ә"  сынып  оқушылары  Абдулла  Дастан  мен Қараманова  Гүлжанат.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ - АБАЙ

iconАбай  Құнанбаевтың  175  жылдығына  орай,   оқушыларымыздың  дайындаған    "Ұлылардың  ұлысы - Абай"  тақырыбындағы  қазақ тілі мен  әдебиет  пәні  апталығында  өткізілген  "Өнер -  сөздің патшасы"  атты  мәнерлеп  оқу  сайысының  жеңімпаздары  марапатталды

"Жас келсе - іске!" атты жайдарман

iconҚалалық  жас  мамандар  арасында  өткізілген  "Жас  келсе - іске!"  аты  жайдарман  сайысында  мектебіміздің  жас  мамандарынан  құралған  "Алтын теңге"  командасы  24  мектептің  арасынан  жүлделі ІІІ  орынға  ие  болды.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

iconМЕКТЕП  БАСШЫСЫ  МАҢҒЫСТАУ  ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМДІГІНІҢ  ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫМЕН  МАРАПАТТАЛДЫ

"ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ"

iconЖаңаөзен  қалалық  әкімдігінің  және  Білім  бөлімінің  ұйымдастырылуымен  өткен  "Білім  үздігі"  қалалық  байқауында  мектебіміздің  физика  және  информатика  пән  мұғалімі  Суйрибаев  Бакитбай  "Үздік  жыл  педагогы"  марапатына  ие  болды.  Құттықтаймыз!!!

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ

Ұстаздар  мерекесіне  орай  ұйымдастырылған  мерекелік  іс-шарамыз  жоғары  деңгейде  өтті. Оқушыларымыз  дайындаған  өнерлерін көрсетіп, ұстаздарымызға құрмет-қошеметтерін  білдірді. Зейнеткер  ұстаздарымыз  бен  бірқатар  мұғалімдер  мерекеге  орай  марапатталды.

Мектебімізде салуатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ""Денсаулық фестивалі" өтті.

Спорттың  адам  өмірінде  алатын  орны  ерекше екендігін  бәріміз  білеміз.  Спортпен  айналысатын  адамның  денсаулығы  мықты,  өзі  шыдамды  болады. Біздің  дана халқымыз "тәні саудың - жаны сау" деп  бекер  айтпаған. Оқушылардың  қатысуымен ұйымдастырылған  шараның басты  мақсаты: жастарға салауатты  өмір  салтын  ұстану  мәдениетін  қалыптастыруды  насихаттау. 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

icon   Ұстаздар  мерекесіне  орай  өткізілген  спорттық  жарыстарда  мектебіміздің  дене  шынықыру  пәні  мұғалімдері  жүлделі  орындарға  ие  болып,  қалалық  білім  бөлімінің  алғыс  хатына  ие  болды.   Атап  айтар  болсақ,  ұстаздар  мерекесіне  орай  қала  мектептері  арасында  өткізілген  волейбол  жарысынан  жүлделі  ІІ орын,  баскетбол  жарысынан жүлделі  ІІ  орын,  футбол  жарысынан  жүлделі  ІІ  орынға  ие  болды.  Құттықтаймыз!!!

"Үштілділік - заман талабы" атты тілдер апталығы

iconОсы  аптада  "Үштілділік - заман  талабы"  тақырыбында    тілдер  апталығы   ашылып, ашық  сабақтары  мен  әртүрлі  сайыс  сабақтары  болып  өтті. 

"Адалдық сағаты" атты сабағы

icon2019 жылы  2  қыркүйек  күні  Жалпы  Республикалық  біріңғай  "Адалдық  сағаты"  өткізілді.  Бұл  сағаттың  негізгі  мақсаты  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  алдын-алу. яғни,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы  мәлімет.  Сонымен  бірге  бейнероликтер  көрсетіліп,  дәрістер  оқылды.

Соңғы жаңалықтар

"ҚҮЗГІ БАЛЛ"

8-10 сыныптар  арасында  өткізілген  "Күзгі  балл"  сайысының  нәтижесінде  "Күз  ханзадасы" мен  "К ...

01 қараша 2019
ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ - АБАЙ

Абай  Құнанбаевтың  175  жылдығына  орай,   оқушыларымыздың  дайындаған    "Ұлылардың  ұлысы - Абай ...

28 қазан 2019
"Жас келсе - іске!" атты жайдарман

Қалалық  жас  мамандар  арасында  өткізілген  "Жас  келсе - іске!"  аты  жайдарман  сайысында  мек ...

26 қазан 2019

МЕКТЕП  БАСШЫСЫ  МАҢҒЫСТАУ  ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМДІГІНІҢ  ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫМЕН  МАРАПАТТАЛДЫ ...

08 қазан 2019
"ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ"

Жаңаөзен  қалалық  әкімдігінің  және  Білім  бөлімінің  ұйымдастырылуымен  өткен  "Білім  үздіг ...

08 қазан 2019