«7 мамыр-Ұландар күні»

«7 мамыр-Ұландар күні», 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73-жыл толуына орай іс-шаралар туралы мәлімет

  02.05.2018ж. күні  «Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік» тақырыбында мектеп кітапханасында  көрме  ұйымдастырылды.

  03.05.2018ж. күні 9 мамыр-Жеңіс күніне арналған  «Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат!» атты тақырыбында 8 «А» сынып оқушылары ардагерлер үйіне кездесуге барды.

  04.05.2018ж. күні «Жеңістің жырын жырлайық» тақырыбында патриоттық әндер сайысы  ұйымдастырылды.

  04.05.2018ж. күні «Жас Ұлан» ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. «Жас Ұлан» ұйымына барлығы 38 оқушы қабылданды.

04.05.2018ж. күні «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында оқушылар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды.

  05.05.2018ж. күні «Ер намысын ту еткен тұлғалар» тақырыбындағы ерлік сағаты 6 «Ә» сыныбымен Бимағанбетова Тілектес өткізді.

  05.05.2018ж. күні «Отты жылдар шежіресі» тақырыбында 7 «А» сыныбына Ақжігітова Алия  тарихи кеш өткізді.

  05.05.2018ж. күні «Майдандағы қазақ қыздары» тақырыбында 6 «А» сыныбында танымдық сағат өткізді.

  05.05.2018ж. күні «Алау» әскери спорттық ойындары ұйымдастырылды.Спорттық ойынға 10-11 сынып оқушылары қатысты.

05.05.2018ж. күні «Ұлы Жеңіске 73 жыл» 9 мамыр-Жеңіс күніне орай, 10 «Ә» сыныбының ұйымдастырумен мерекелік шара өтті.Отан қорғаушыларымыз алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді,жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алуға ұмтылуымызға көмектеседі.Біздің парызымыз-бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін өскелең ұрпақтарымызға ұғындырып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету болып табылады.Мерекелік шарада оқушылар көріністерін көрсетіп, тамаша ән-шашуларын паш етті. 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай, мектебіміздегі барлық ер азаматтарға құрмет-қошемет көрсетілді.Мектеп басшысы азаматтарға арнайы «Құрмет грамоталарын» табыстап, мерекелерімен құттықтады.Мектебімізде қызмет атқаратын ер азаматтарымыз аз болса да, олардың орны біз үшін әрқашан ерекше және жоғары тұрады.

 





"ҚҮЗГІ БАЛЛ"

icon8-10 сыныптар  арасында  өткізілген  "Күзгі  балл"  сайысының  нәтижесінде  "Күз  ханзадасы" мен  "Күз ханшайымы"  атанып,  бас  жүлдеге  ие  болған  10 "Ә"  сынып  оқушылары  Абдулла  Дастан  мен Қараманова  Гүлжанат.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ - АБАЙ

iconАбай  Құнанбаевтың  175  жылдығына  орай,   оқушыларымыздың  дайындаған    "Ұлылардың  ұлысы - Абай"  тақырыбындағы  қазақ тілі мен  әдебиет  пәні  апталығында  өткізілген  "Өнер -  сөздің патшасы"  атты  мәнерлеп  оқу  сайысының  жеңімпаздары  марапатталды

"Жас келсе - іске!" атты жайдарман

iconҚалалық  жас  мамандар  арасында  өткізілген  "Жас  келсе - іске!"  аты  жайдарман  сайысында  мектебіміздің  жас  мамандарынан  құралған  "Алтын теңге"  командасы  24  мектептің  арасынан  жүлделі ІІІ  орынға  ие  болды.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

iconМЕКТЕП  БАСШЫСЫ  МАҢҒЫСТАУ  ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМДІГІНІҢ  ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫМЕН  МАРАПАТТАЛДЫ

"ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ"

iconЖаңаөзен  қалалық  әкімдігінің  және  Білім  бөлімінің  ұйымдастырылуымен  өткен  "Білім  үздігі"  қалалық  байқауында  мектебіміздің  физика  және  информатика  пән  мұғалімі  Суйрибаев  Бакитбай  "Үздік  жыл  педагогы"  марапатына  ие  болды.  Құттықтаймыз!!!

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ

Ұстаздар  мерекесіне  орай  ұйымдастырылған  мерекелік  іс-шарамыз  жоғары  деңгейде  өтті. Оқушыларымыз  дайындаған  өнерлерін көрсетіп, ұстаздарымызға құрмет-қошеметтерін  білдірді. Зейнеткер  ұстаздарымыз  бен  бірқатар  мұғалімдер  мерекеге  орай  марапатталды.

Мектебімізде салуатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ""Денсаулық фестивалі" өтті.

Спорттың  адам  өмірінде  алатын  орны  ерекше екендігін  бәріміз  білеміз.  Спортпен  айналысатын  адамның  денсаулығы  мықты,  өзі  шыдамды  болады. Біздің  дана халқымыз "тәні саудың - жаны сау" деп  бекер  айтпаған. Оқушылардың  қатысуымен ұйымдастырылған  шараның басты  мақсаты: жастарға салауатты  өмір  салтын  ұстану  мәдениетін  қалыптастыруды  насихаттау. 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

icon   Ұстаздар  мерекесіне  орай  өткізілген  спорттық  жарыстарда  мектебіміздің  дене  шынықыру  пәні  мұғалімдері  жүлделі  орындарға  ие  болып,  қалалық  білім  бөлімінің  алғыс  хатына  ие  болды.   Атап  айтар  болсақ,  ұстаздар  мерекесіне  орай  қала  мектептері  арасында  өткізілген  волейбол  жарысынан  жүлделі  ІІ орын,  баскетбол  жарысынан жүлделі  ІІ  орын,  футбол  жарысынан  жүлделі  ІІ  орынға  ие  болды.  Құттықтаймыз!!!

"Үштілділік - заман талабы" атты тілдер апталығы

iconОсы  аптада  "Үштілділік - заман  талабы"  тақырыбында    тілдер  апталығы   ашылып, ашық  сабақтары  мен  әртүрлі  сайыс  сабақтары  болып  өтті. 

"Адалдық сағаты" атты сабағы

icon2019 жылы  2  қыркүйек  күні  Жалпы  Республикалық  біріңғай  "Адалдық  сағаты"  өткізілді.  Бұл  сағаттың  негізгі  мақсаты  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  алдын-алу. яғни,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы  мәлімет.  Сонымен  бірге  бейнероликтер  көрсетіліп,  дәрістер  оқылды.

Соңғы жаңалықтар

"ҚҮЗГІ БАЛЛ"

8-10 сыныптар  арасында  өткізілген  "Күзгі  балл"  сайысының  нәтижесінде  "Күз  ханзадасы" мен  "К ...

01 қараша 2019
ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ - АБАЙ

Абай  Құнанбаевтың  175  жылдығына  орай,   оқушыларымыздың  дайындаған    "Ұлылардың  ұлысы - Абай ...

28 қазан 2019
"Жас келсе - іске!" атты жайдарман

Қалалық  жас  мамандар  арасында  өткізілген  "Жас  келсе - іске!"  аты  жайдарман  сайысында  мек ...

26 қазан 2019

МЕКТЕП  БАСШЫСЫ  МАҢҒЫСТАУ  ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМДІГІНІҢ  ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫМЕН  МАРАПАТТАЛДЫ ...

08 қазан 2019
"ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ"

Жаңаөзен  қалалық  әкімдігінің  және  Білім  бөлімінің  ұйымдастырылуымен  өткен  "Білім  үздіг ...

08 қазан 2019