«1 наурыз –Алғыс айту күніне» орай өткізілетін мерекелік іс-шаралар мәліметі.

«1 наурыз –Алғыс айту күніне» орай өткізілетін мерекелік іс-шаралар  мәліметі.

         Қазақстанда 1 наурыз алғыс айту күні  2016 жылғы 14 қаңтарда  Қазақстан  республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан халқы Ассамблеясының  құрылған күні  1 наурызды  елімізде  Алғыс айту күні  деп жариялады.

 Әрбір адам үшін  ең асыл  қазына – отанын, туған елін сүю.  Алғыс айту күні –  ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.

 Бұл –  тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

         25.02-01.03.2019 ж. күндері аралығында мектебімізде «1 наурыз –Алғыс айту күніне» тақырыбында апталық жоспары жасақталып іс-шаралар өткізілді.

25.02.2019ж «Мәңгілік ел-менің арманымның мекені» тақырыбында  кітапханада дөңгелек  үстел ұйымдастырылды.

25.02.2019 ж.1-4 сыныптар «Алғысым шексіз!» тақырыбында, 5-7 сыныптар  «Қазақстан-ортақ үйіміз» 8-11 сыныптар арасында «Алғыста шек болмайды» тәрбие сағаттар өткізілді.

26.02.2019ж дарын жетекшісі Жолдасбаева Алуаш Алматы қаласы Халықаралық ХХХХVI-шы ғылыми жобалар конференциясының жүлдегер оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге қатысушы 10 «А» сынып оқушылары Кдырбаев Сүлеймен, Сарсенбаев Әбілхан, Беласарова Мөлдір, Абиев Көбейсін, жеңіске деген сенімділікті оқушылардың бойына дарытқан Сүйребаев Бактыбай ағайына алғыстарын білдірді.

27.02.2019ж «Ел алғысын алған, елеулі жандар!» атты  емхана дәрігерлерімен «өзін-өзі басқару» тобы және тәлімгер Бақыт Арай кездесу ұйымдастырды.

27.02.2019ж ата-аналарға «Шын жүректен мың алғыс» атты тренингті педагог-психолог  Сарбасова Зульфия және әлеуметтік педагог Сарсенбаева Іңкәр ұйымдастырылды.

Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. 
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, 
өзін-өзі тануына бағыт беру,  тәрбие жайлы пікір бөлісу.  ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі  жайлы түсіндіру.

28.02.2019ж «Өмірге риза болып, алғыс айт!» тақырыбында үздік өлеңдер мен эсселер байқауы өткізілді.Қатысушы оқушы саны-15. Оқушылар өздерінің ыстық лебізін алғысын ата-аналарына, мұғалімдеріне, бауырларына, достарына арнап өлең шығырған. Байқау қорытындысы бойынша І орын иегері 7 «Б» сынып оқушысы Еламан Ақжарқын, ІІ орын иегері  7 «Ә» сынып оқушысы Абай Дәурен, ІІІорын иегері 6 «А» сынып оқушысы Бегарыс Жандос марапатталды.

28.02.2019ж тарих пән мұғалімі Даулетназарова Жайна  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру аясында «Қазақстан-бақытымның ордасы» тақырыбында өлкетану мұражайына 7 «А» сынып оқушыларын апарды.

28.02.2019ж 1-11 сынып оқушылары арасында «Ризашылық марафоны» ұйымдастырылды. Мектеп басшысы Еркебекова Гүлжан Жұмақадірқызы алғыс сөзімен бастады. Өзінің тілегін білдірді. Оқушылар белсенді қатысты. Алдағы уақытта іс-шаралар ұйымдастырылады.

 





"ҚҮЗГІ БАЛЛ"

icon8-10 сыныптар  арасында  өткізілген  "Күзгі  балл"  сайысының  нәтижесінде  "Күз  ханзадасы" мен  "Күз ханшайымы"  атанып,  бас  жүлдеге  ие  болған  10 "Ә"  сынып  оқушылары  Абдулла  Дастан  мен Қараманова  Гүлжанат.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ - АБАЙ

iconАбай  Құнанбаевтың  175  жылдығына  орай,   оқушыларымыздың  дайындаған    "Ұлылардың  ұлысы - Абай"  тақырыбындағы  қазақ тілі мен  әдебиет  пәні  апталығында  өткізілген  "Өнер -  сөздің патшасы"  атты  мәнерлеп  оқу  сайысының  жеңімпаздары  марапатталды

"Жас келсе - іске!" атты жайдарман

iconҚалалық  жас  мамандар  арасында  өткізілген  "Жас  келсе - іске!"  аты  жайдарман  сайысында  мектебіміздің  жас  мамандарынан  құралған  "Алтын теңге"  командасы  24  мектептің  арасынан  жүлделі ІІІ  орынға  ие  болды.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

iconМЕКТЕП  БАСШЫСЫ  МАҢҒЫСТАУ  ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМДІГІНІҢ  ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫМЕН  МАРАПАТТАЛДЫ

"ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ"

icon Жаңаөзен  қалалық  әкімдігінің  және  Білім  бөлімінің  ұйымдастырылуымен  өткен  "Бәләм  үздігі"  қалалық  байқауында  мектебіміздің  физика  және  информатика  пән  мұғалімі  Суйребаев  Бакытбай  "Үздік  жыл  педагогы"  марапатына  ие  болды.  Құттықтаймыз!!!

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ

Ұстаздар  мерекесіне  орай  ұйымдастырылған  мерекелік  іс-шарамыз  жоғары  деңгейде  өтті. Оқушыларымыз  дайындаған  өнерлерін көрсетіп, ұстаздарымызға құрмет-қошеметтерін  білдірді. Зейнеткер  ұстаздарымыз  бен  бірқатар  мұғалімдер  мерекеге  орай  марапатталды.

Мектебімізде салуатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ""Денсаулық фестивалі" өтті.

Спорттың  адам  өмірінде  алатын  орны  ерекше екендігін  бәріміз  білеміз.  Спортпен  айналысатын  адамның  денсаулығы  мықты,  өзі  шыдамды  болады. Біздің  дана халқымыз "тәні саудың - жаны сау" деп  бекер  айтпаған. Оқушылардың  қатысуымен ұйымдастырылған  шараның басты  мақсаты: жастарға салауатты  өмір  салтын  ұстану  мәдениетін  қалыптастыруды  насихаттау. 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

icon   Ұстаздар  мерекесіне  орай  өткізілген  спорттық  жарыстарда  мектебіміздің  дене  шынықыру  пәні  мұғалімдері  жүлделі  орындарға  ие  болып,  қалалық  білім  бөлімінің  алғыс  хатына  ие  болды.   Атап  айтар  болсақ,  ұстаздар  мерекесіне  орай  қала  мектептері  арасында  өткізілген  волейбол  жарысынан  жүлделі  ІІ орын,  баскетбол  жарысынан жүлделі  ІІ  орын,  футбол  жарысынан  жүлделі  ІІ  орынға  ие  болды.  Құттықтаймыз!!!

"Үштілділік - заман талабы" атты тілдер апталығы

iconОсы  аптада  "Үштілділік - заман  талабы"  тақырыбында    тілдер  апталығы   ашылып, ашық  сабақтары  мен  әртүрлі  сайыс  сабақтары  болып  өтті. 

"Адалдық сағаты" атты сабағы

icon2019 жылы  2  қыркүйек  күні  Жалпы  Республикалық  біріңғай  "Адалдық  сағаты"  өткізілді.  Бұл  сағаттың  негізгі  мақсаты  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  алдын-алу. яғни,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы  мәлімет.  Сонымен  бірге  бейнероликтер  көрсетіліп,  дәрістер  оқылды.

Соңғы жаңалықтар

"ҚҮЗГІ БАЛЛ"

8-10 сыныптар  арасында  өткізілген  "Күзгі  балл"  сайысының  нәтижесінде  "Күз  ханзадасы" мен  "К ...

01 қараша 2019
ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ - АБАЙ

Абай  Құнанбаевтың  175  жылдығына  орай,   оқушыларымыздың  дайындаған    "Ұлылардың  ұлысы - Абай ...

28 қазан 2019
"Жас келсе - іске!" атты жайдарман

Қалалық  жас  мамандар  арасында  өткізілген  "Жас  келсе - іске!"  аты  жайдарман  сайысында  мек ...

26 қазан 2019

МЕКТЕП  БАСШЫСЫ  МАҢҒЫСТАУ  ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМДІГІНІҢ  ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫМЕН  МАРАПАТТАЛДЫ ...

08 қазан 2019
"ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ"

Жаңаөзен  қалалық  әкімдігінің  және  Білім  бөлімінің  ұйымдастырылуымен  өткен  "Бәләм  үздіг ...

08 қазан 2019